Көршісіне су ағызып, құнын төлегісі келмеді. Сот залалды өндіріп алды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

  Егер пәтеріңізге жоғарыдағы көршілерден су ағып, залал келтірілсе? Сотқа жүгінуге асықпай, бітімгершілікке келуге тырысыңыз.
  Көпқабатты үйдің 3-қабатында тұратын «Б.» төмен қабатта тұратын «А.»-ның пәтеріне бірнеше рет су ағызған.
  «А.» үш жыл бойы көршісімен қарым-қатынасын бұзғысы келмегендіктен, ерікті түрде өтемақыны өзі төлейді деп үміттенген. Бірақ «Б.» залалдың құнымен келіспеген, сондықтан «А.» сотқа жүгінуге мәжбүр болған.
  Сот «А.»-ның пәтеріне «Б.»-нің пәтерінен су ағудың салдарынан екі рет зардап шеккенін анықтады. 2020 жылы «Б.» пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ерітіндінің ағуы себебінен, ал 2021 жылы «Б.» пәтерінің су құбырынан болған. Пәтерге шығын келтіру фактілері дәлелденді.
  Сарапшы тексеру жүргізіп, қалпына келтіру жөндеу жұмыстарының құны 1 млн. теңгені құрады. Сарапшының бұл есебін «Б.» мойындады.
  Сот шешімімен «А.»-ның талабы қанағаттандырылды. «А.»-ның пайдасына «Б.»-дан пәтеріне келтірілген материалдық залал өндіріліп алынды.
  Сонымен қатар, «Б.»-дан сот шығындары мен өкілдік шығындары өндірілді. Егер де көршілер дауды бейбіт жолмен шешкен жағдайда, бұл шығындар орын  алмас еді.

 

 

Қайнар: 
Ақмола облысы Бурабай аудандық соты