Қылмыстардың алдын алу мақсатында жария сот отырысы өткізілді. Өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны және алаяқтық жасағаны үшін сотталды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

   Қылмыстардың алдын алу мақсатында жария сот отырысы өткізілді.
   Өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны және алаяқтық жасағаны үшін сотталды.
   Сот үкімімен ауылдық округінің әкімі «К.» лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны (ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3)-тармағы) үшін мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салумен 2 жылға бас бостандығынан айыруға, ЖШС-нің құрылтайшысы «Г.» аса iрi мөлшерде алаяқтық (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2)-тармағы) жасағаны үшін материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырумен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
   2021 жылы Атбасар ауданында әкім «К.»-ның атынан ауылдық округ әкімдігі және ЖШС-нің директоры Полтавка ауылындағы кентішілік жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан.
   Аталған ЖШС-нің құрылтайшысы «Г.», директор болып табылмағандықтан қол қою құқығы болмай, ЖШС-нің шотына бюджет қаражатын аудару үшін 40 млн теңге сомасына орындалған жұмыстардың жалған актілерін жасап, қол қойды.
   «К.» актілер мен орындалған жұмыстардың бағасы туралы анықтамалар дұрыс емес, жалған екенін біле тұра, қабылдап, оларға қол қойған.
   Заңсыз жасалған актілердің нәтижесінде, мемлекетке аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірілді. Үкім шығарылғанға дейін келтірілген залалдың сомасы сотталушылармен өтелді.
   Үкім заңды күшіне енген жоқ.
   Сотпен, ауылдық округ әкімі тарапынан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ұқсас құқық бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі шараларды қабылдау үшін аудан әкімінің атына жекеше қаулы шығарылды.
   Бұдан бөлек, үкімді жариялау ауданның ауыл округтерінің әкімдерін, ТКШ, құрылыс бөлімінің басшыларын ескерту мақсатында жария сот процесі нысанында өткізілді.

 

 

Қайнар: 
Ақмола облысы Атбасар аудандық соты