«Медиация» айдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

     КТІжМАС-да  медиацияны қолдана отырып, мүлікті бөлу туралы   азаматтық іс қаралды.Сотта тараптар осы істі жүргізіп жатқан судьяның медиацияны жүргізуі туралы өтінішхатын мәлімдеп, мынадай шарттар бойынша медиативтік келісім жасасты. Тараптар пәтердегі үлестерді тең деп тануға келісті. Сот ұйғарымымен тараптар арасында медиация тәртібімен келісім жасасуға байланысты азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

     КТІжМАС-да  медиация тәртібін қолдана отырып, мүгедек  баланы бағып отырған жұбайын күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды. Сотта тараптар осы істі жүргізіп жатқан судьяның медиацияны жүргізуі туралы өтінішхатын мәлімдеп, мынадай шарттар бойынша медиативтік келісім жасасты.Талаптар бала үш жасқа толғанға дейін жауапкер ай сайын өз еркімен алимент төлейді деп келісті.
   Сот ұйғарымымен тараптар арасында медиация тәртібімен келісім жасасуға байланысты азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

 

 

 

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі