Сайлау комиссиясының шешімі заңсыз деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

   Сот, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат «Р.»-дің аудандық сайлау комиссиясына әкімшілік талабын қанағаттандырып, сайлау комиссиясының шешімін заңсыз деп таныды.
   Сотта, азамат «А.»-ның өтініші негізінде, депутаттыққа кандидат «Р.»-ға үгіт материалдарын автобус ішінде орналастырған фактісі бойынша сайлау комиссиясымен ескерту шығарғаны анықталды.
   «Р.» комиссияның шешімімен келіспей, сотқа жүгінді.
   Сот кандидат «Р.»-дің іс-әрекеттерінде сайлау алдындағы үгіт жүргізу қағидаларын бұзушылықтың болмауына байланысты талап негізделген деп таныды.
1.    «Р.» полиция бөліміне оның келісімінсіз белгісіз адамдар автобуста үгіт парағын орналастырғаны бойынша шаралар қабылдау туралы өтінішпен жүгінген;
2.    прокуратура үгіт материалдарын орналастырудың мән-жайларын тексеріп, кандидат тарапынан бұзушылықтардың жоқтығы туралы қорытындыға келді;
3. полиция бөлімінде үгіт ережелерін бұзу туралы «А.»-ның өтініші құқық бұзушылықтың болмауына байланысты қараусыз қалдырылды;
4. сотта сайлау комиссиясы кандидат немесе оның өкілі тарапынан бұзушылық фактісін орын алғанын дәлелдей алмады.
   Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

Қайнар: 
Ақмола облысы Бұланды аудандық соты