«Іс-шаралар әлемі» айдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

    

    Бұланды аудандық сотында аудандық медиаторлардың қатысуымен «Медиация заман талабы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді. Сот төрағасы Дамиля Наукенова ҚР заңнамасымен қарастырылған татуластыру рәсімдері туралы түсініктемені және насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығы туралы атап өтті.    
          
    Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот  актілерін орындау» тақырыбында семинар өтті. Семинарда бас маман Гүлназ Сәдуақасова сот актілері мен атқару құжаттарын орындауға жіберу жолын түсіндірді.

   Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотында  сот әкімшісі мамандарының қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын талқылау бойынша семинар өткізді. Сот әкімшісінің басшысы Айгүл Сулейменова мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға, мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлқының   алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

 

 

 

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі