Сот ғимараттарының материалдық-техникалық жағдайы мәселелері бойынша кездесулер

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

   ҚР Сот әкімшілігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің басшысы Данияр Сапарбек сот ғимараттарының жай-күйі мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жағдайын зерделеу мақсатында, Есіл, Астрахан, Атбасар және Целиноград аудандық соттарында жұмыс сапарымен болды.
   Д.Сапарбек аудандық соттардың төрағалары және сот әкімшілерінің басшыларымен өзекті жұмыс мәселелері бойынша кездесті.
   Сонымен қатар, облыс аудандарында жұмыс сапары барысында Д.Сапарбек Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжановпен аудандық сот ғимаратының жай-күйі мәселесі бойынша кездесу өткізді.

 

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі