Сот шығынды қайтару туралы талапты қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының Степногор қалалық соты пәтерінің төбесінен су ағып, зардап шеккен азаматтың өзіне келтірген материалдық шығынды өндіріп алу туралы талабы бойынша түскен азаматтық істі қарады.   

Талап қоюшының айтуынша өзінен бір қабат жоғарыда тұратын жауап беруші «Әсел» ӨК-нің кінәсінен үйінің төбесін су басып кеткен. Бөлмелердің судың астында қалуы жоғарыдағы көршілерінің үйіндегі ыстық су ағатын кранның жабылмай қалуынан туындаған. Оған қоса үй иелері электр тоғының тұтанып кетуінен қорыққандықтан үйді электр тоғынан ажыратқан. Осы оқиғаға байланысты талапкерге 28 000 теңге материалдық шығын келтіріліп, соттан осы шығынды өндіріп беруін сұрады.

Сот шешімімен азаматтың талабы жартылай қанағаттандырылып, жауапкерден 28 000 теңге материалдық шығын мен мүлікті бағалау бойынша шығындар өндіріліп алынды.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі