«Сот жаңалықтары» айдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

     Зеренді аудандық сотында ӘҚБтК-ның 461-бабы бойынша (қорғау нұсқамасын бұзу)  «Е.»-ге  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.Сотта учаскелік полиция қызметкері азаматша «Т»-ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 30 тәулікке «Е.»-ге қатысты қорғау нұсқамасын шығарғаны анықталды.Бірақ «Т.». қорғау нұсқамасын елемей, азаматшамен жанжал шығарып, оған қатысты былапыт сөздер айтқан.
   Сот қаулысымен «Е.» 10 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.   

    Зеренді аудандық сотында ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігі бойынша (әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта қоғамдық орындарға масаң күйде келу) «Ж.»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сотта  «Ж.» бір жыл ішінде қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға тартылған адам бола тұра, қайтадан қоғамдық жерде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Сот қаулысымен «Ж.» айыппұл түріндегі  әкімшілік жазаға тартылды.
 
    Бұланды аудандық сотында ӘҚБтК-ның  669-бабының 2-бөлігі бойынша (құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзу) «А.»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.Сот қаулысымен «А.» кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке  қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

 

 

 

 

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі