Жол ережесін бұзып, абайсызда адам өлтіріп алған азамат сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының Целиноград аудандық соты жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзып, абайсызда адам өлтіріп алған деп айыпталған азамат П-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Іс мән-жайлары бойынша, азамат П., «Астана-Ерейментау-Шідерті» тас жолының бойында жылдамдық тәртібін сақтамай автокөлік жүргізіп келе жатып жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған. Нәтижесінде қарама-қарсы қозғалыс жолына шығып кетіп қарсы көлікпен соқтығысып қалған. Осының салдарынан соқтығысқан соңғы көлік жол шетіндегі жыраға шығып кетіп аударылған, ал оның кәмелетке толмаған жолаушысы өмірмен сәйкеспейтін дене жарақатын алып қаза тапқан.

Сот үкімімен азамат П., ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және жазасын қоныс-колониясында өтеуге, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі