Ақмола облысы Ерейментау аудандық соты

Сот қаруды тәркілеумен әкімшілік айыппұл тағайындады

24/06/2016

Ақмола облысы Ерейментау аудандық соты азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, Ерейментау АІІБ-нің қызметкерлерімен азамат К-ның үйінен тегіс ұңғылы қару табылып алынған, ол оны өз үйінде сақтауға тиісті құқығы болмай тұра сақтаған.

Сот наркологиялық ауырухананың үш емделушісін қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды

14/06/2016

Ақмола облысы Ерейментау аудандық соты Селеті ауылының наркологиялық ауыруханасының үш емделушісіне қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта, үш ер азаматтың Селеті ауылы наркологиялық ауыруханасында,  маскүнемдіктен мәжбүрлеу түрінде емделу кезінде, емдеу мекемесінің ауласында есірткі заты-марихуананы тартқаны анықталды.

Сот көлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыру және айыппұл түрінде жаза тағайындады

19/04/2016

Ақмола облысы Ерейментау аудандық соты азамат З-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта, азамат З. көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, автокөлік құралын есірткілік масаң күйде басқарғаны анықталды.   

Сот 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

19/04/2016

Ақмола облысы Ерейментау аудандық соты азамат С-қа қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат С-ның Ерейментау қаласында алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарғаны анықталды. Осылайша азамат С. Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларын бұзған.

Сот көлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыру жазасын тағайындады

10/12/2015

Ақмола облысы Ерейментау аудандық соты азамат С-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта азамат С. автокөлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік  масаң күйде автокөлік құралын басқарғаны анықталды.

Сот үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырып қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындады

26/11/2015

Ақмола облысы Ерейментау аудандық соты азамат М-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта, азамат М. автокөлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйде трактор құралын басқарғаны анықталды.

Сот сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алып және талан-таражға салғаны үшін жұмысшыларға жаза тағайындады

23/09/2015

Ақмола облысы Ерейментау аудандық соты екі жұмысшыға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта, ер адамдардың шаруа қожалығында малшы болып жұмыс істегені анықталған. Олар материалды жауапты тұлғалар бола тұра, шаруа қожалығына тиісті сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденген. Атап айтқанда, бұрынғы жұмысшылар шаруа қожалығының аумағынан қойларды, бұзауларды, бұқаларды, арпа мен малға беретін шөпті ұрлаған

Сот билік өкілін қорлаған үшін азаматқа қатысты үкім шығарды

23/09/2015

Ақмола облысы Ерейментау аудандық соты азаматқа Л-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Л. ауыр қылмыстар жасағаны үшін бұрын соттылығы бар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған бола, қайта қылмыс жасаған. Атап айтқанда, ол алкогольдік масаң күйінде билік өкіліне қатысты қорлық көрсеткен және оның денсаулығына орта дәрежеде зиян келтірген.