Астрахан аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

Астрахан аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

17/03/2017

Астрахан аудандық сотының төрағасы А.Ан аудан тұрғындары үшін "Медиация-дауларды шешудің балама тәсілі" тақырыбында «Ашық есік күнін» өткізді.

«Ашық есік күні» аудандық сотқа азаматтық процестік заңнама нормалары туралы сұрақтар бойынша азаматтар жүгінді. Барлық сұрақтар мен өтініштер сот актілерінің орындалуы мен медиацияны қолданудың негізі және оның артықшылықтарына байланысты болды.

Аудандық сотқа келген адамдардың сұрақтарына сот төрағасы түсініктемелер берді.