әкімшілік іс

2017 жылдың басынан Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 25 азаматқа қатысты әкімшілік іс қарады

12/01/2017

2017 жылдың басынан Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 25 азаматқа қатысты  әкімшілік іс қарады, оның ішінде ортақ пайдалану орындарын ластау, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай әрекеттер.

Сот 5 тәулік мерзімге қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады

13/07/2016

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты азамат И-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат И-дің өз үйінде алкогольдік масаң күйде жұбайына балағат сөздер айтқаны анықталды. Осы әрекетімен азамат И. айналасындағыларға құрметтемеушілік көрсетіп, жұбайының тыныштығын бұзған.

Сотты құрметтемеушілік үшін ескерту түріндегі жаза тағайындалды

07/07/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты азамат Б-ға қатысты  әкімшілік іс қарады.

Сотта,  азамат Б-ның қылмыстық іс бойынша белгіленген сот отырысына куәгер ретінде алкогольдік масаң күйде келгені анықталды.

Сот қаулысымен азамат Б. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен («Сотты құрметтемеушілік») көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот ата-ананың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін айыппұл салу түрінде әкімшілік жаза тағайындады

28/06/2016

Ақмола облысы Есіл аудандық соты азаматша А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.     

Сотта, азаматша А. өзінің кәмелетке толмаған екі баласын тәрбилеу және оқыту жөніндегі ата-аналық міндеттерін орындамайтыны, балалар мектепте сабаққа қатыспайтыны, әйелдің алдын алу шаралары бойынша өткізілетін әңгімелерге назар аудармағаны анықталды.

Сот қаруды тәркілеумен әкімшілік айыппұл тағайындады

24/06/2016

Ақмола облысы Ерейментау аудандық соты азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, Ерейментау АІІБ-нің қызметкерлерімен азамат К-ның үйінен тегіс ұңғылы қару табылып алынған, ол оны өз үйінде сақтауға тиісті құқығы болмай тұра сақтаған.

Сотталғанға қаражатты беруге әрекет жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық

12/05/2016

Жарқайың аудандық соты сотталғанға  ақшаны беруге әрекет еткені үшін азаматша Р-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, әйел адам сотталғанмен мерзімді кездесуге келіп, тексеру барысында жеке заттардың арасынан 10000 теңге табылды. Әйел қаражатты сотталғанға беруге әрекет жасаған.  

Шортанды аудандық соты тараптардың татуласуына байланысты 18 азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер қарады

13/04/2016

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 175-бабына сәйкес татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейінгі сот талқылауының кез келген сатысында, сондай-ақ сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін.       Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабына сәйкес қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген

Сотқа құрметтемеушiлiк көрсеткені үшін әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

11/04/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат Ж., қылмыстық теріс қылық жасады деп өзі айыпталып отырған қылмыстық іс бойынша шақырылған сот отырысына, алкогольдік масаң күйде келгені анықталды, осы ісімен азамат сотқа құрметтемеушiлiк көрсеткен.

Сот 15 тәулікке қамаққа алу және 6 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады

04/04/2016

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат А-ның әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарғаны анықталды.

Беттер