сот бұйрығы

Жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот бұйрығы

29/04/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты жеті азаматтардың «Г» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы  талап арыздарын қарады.

Сот бұйрығымен «Г» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен осы ЖШС-нің жеті азаматтары мен қызметкерлердің пайдасына жалақылар бойынша берешегі өндіріп алынды.

Сот бұйрығы заңды күшіне енді және орындауға жолданды.

 

Азаматтық іс жүргізудегі соттың бұйрығы негізінде берешекті өндіріп алу

06/04/2016

Сот бұйрығы сот актісі болып табылады, оны өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе борышкерді және өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша борышкерден жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызы бойынша судья шығарады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 134-бабына сәйкес сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Сот бұйрығы бойынша өндіріп алу сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

 

Сот тұтынушылық қызмет бойынша берешек өндіріп алды

01/04/2016

Ерейментау аудандық соты «Арэк-Энергосбыт» ЖШС-нің  коммуналдық қызметіне төлеу туралы бойынша азамат Н-нен берешекті өндіру жөнінде сот бұйрығын шығару бойынша азаматтық  іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Н. көрсетілген электрмен жабдықтаудың қызметтерін ай сайын төлемеген, осыған байланысты өсім есебімен 40 103 теңге мөлшерінде берешек пайда болды.