Архив событий

28/03/2014

Есірткіні қайдан алдыңыз?

28/03/2014

   Атбасар аудандық соты соңғы төрт жұмыс күнінің ішінде ғана, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы 1-бөлігі бойынша түскен бес әкімшілік істі қарады.
   Осы санат бойынша қаралған әкімшілік істердің тәжірибесі құқықбұзушылардың барлығы келе жатып ішінде жасыл түстес заты бар орамаларды жерден, қардың үстінен, перронда, тауып алатынын көрсетеді, ал соңғы істер бойынша құқықбұзушылар полиция қызметкерлерін көре салысымен қолдарындағы есірткі заттарын желге ұшырып жіберуді әдетке айналдырған.

Шешімін таппаған дау жаман...

28/03/2014

   Отағасы өзінің зайыбымен бірге автокөлікте келе жатқан. Жолшыбай оларға отағасының қарындасы кездесе кетті. Көлік иесі қарындасынан өзіне қажетті құжаттарды алу үшін көлікті тоқтатқан. Сол мезет қарындасы ағасына «-телефон арқылы үйіңе хабарласқанымда әйелің сені ешқашан телефонға шақырмайды...» деп қара қазандай өкпесін айтады. Мұны естіп отырған отағасының әйелі көліктен шығып, қайын сіңлісімен ұрсысып, ақырында екеуі төбелесе кетеді.

Үй сатып аламын деп сотқа жүгінуге мәжбүр болды

28/03/2014

   Оқиға былай болған. Н.Шивакова есімді азаматша Е.Уварова есімді азаматшадан Сандықтау ауданы Новоникольское ауылында ортақ көлемі  48.1 шаршы метрді құрайтын үш бөлмелі үйді 87 500 теңгеге сатып алған. Сатып-алу сату мәмілесіне отыру барысында сатушы Е.Уварова үйдің жып-жылы екенін, оған ешқандай күрделі жөндеу жүргізудің қажеті жоқтығын айтып, алдап, сатып алушысын сендірген. Сырт көзге тәуір көрінген үйді сатып алушы Н.Шивакова сатушының сөзіне иланып сатып ала салған.