Архив событий

17/03/2014

Сот актісінің талабын орындаудан бас тартқаны үшін 5 сөткеге қамалды

17/03/2014

Ақмола облысының Егіндікөл аудандық соты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 524-бабына сәйкес сот актісі мен атқару құжатының талабын орындаудан бас тартқан азамат Б – ға қатысты әкімішілік істі қарады.

Егіндікөл аудандық сотының бұйрығымен азамат Б өзінің үш баласын асырау үшін, кәмелет жасына толғанға дейін барлық кірісінің  ½ бөлігі көлемінде алимент төлеп отыру туралы шешім қабылданған. Бірақ Б. сот талабын өздігінен орындамай 2001 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі аралықтағы қарызы 481 834 теңгені құраған.

Шылым тұқылын лақтырсаң – айыппұл төлейсің!

17/03/2014

Ақмола облысының Жақсы аудандық соты әкімшілік құқықбұзушылық жасаған азамат Қ-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Азамат Қ. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 330-бабы 1-бөлігінде көзделген құқықбұзушылықты жасаған, атап айтқанда қоғамдық тәртіпті бұзып, ортақ пайдалану орнын ластап өзі тартқан шылымының тұқылын лақтырып, ұсақ бұзушылық жасаған.