Архив событий

06/11/2015

Сот сотталушыны кінәсіз деп таныды және қылмысты жасағаны дәлелденбегендіктен оны ақтады

06/11/2015

Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтірді деп айыпталған азамат Е-ге қатысты қылмыстық іс қарады. 

Қылмыстық қудалау органдарымен азамат Е-ге азамтша Г-ның бас-миы сүйегіне жарақат жасау арқылы, денсаулығына ауыр зиян келтіріп, нәтижесінде сол әйел қайтыс болды деп айып тағылды.

Сот ұсынылған дәлелдемелерді зерттеп азамат Е-ні ақтады, себебі жасалған қылмысқа оның қатысы бары дәлелденбеді.

Сот анасын күтіп-бағу жөніндегі алиментті өндіру туралы талап-арызды қанағаттандырды

06/11/2015

Ақмола облысының  Еңбекшілдер аудандық соты азаматша С-ның оның ересек төрт балаларынан өзін күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады. 

Сот анықтағандай, азамат С., 50 жастағы және одан үлкен жастағы үш ұлы және бір қыздың анасы болып табылады. Қазіргі уақытта талап етуші бірінші топтағы мүгедек (көру қабілеті нашарланған және инсулинге тәуелді қант диабеті бар) және қосымша материалдық көмекке зәру. Жауапкерлер, оның балалары, ерікті түрде көмектесуден бас тартуда.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты дөңгелек үстел өткізді

06/11/2015

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Қылмыстық істер бойынша сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге судьялар мен сот мамандары, Ақмола облыстық сотының судьялары, Ақмола облысы мен Көкшетау қаласы прокуратурасының өкілдері, Әділет департаменті, Қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті, ІІД мен Көкшетау қаласының ІІБ, Көкшетау және Степногорск қалаларының аумақтық бөлімдерінің аға сот орындаушылары қатысты.

Сот 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады

06/11/2015

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта, азамат Б. көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлікті жүргізіп, қарама-қарсы бағыттағы жолдың жиегіне шығып, жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалғаны анықталды. Жаяу жүргінші жол көлік оқиғасы болған жерде қайтыс болды.

Сот жүргізушіге 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу және 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады

06/11/2015

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық соты азамат Л-ға қатысты қылмыстық  іс карады.

Сотта, азамат Л. автокөлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысымен оның алкольдік орташа масаң күйінде болғаны анықталған.                 

Сот алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу туралы талап-арызды қанағаттандырды

06/11/2015

Ақмола облысының Шортанды аудандық соты «Шортанды ауданының орталық ауруханасы» МКҚК-ның өтініші бойынша азаматша К-ны мамандандырылған емдік-профилактикалық мекемесіне алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы азаматтық іс қарады.

Сот 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту және көлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыру жазасын тағайындады

06/11/2015

Ақмола облысы Атбасар аудандық соты азамат Ш-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта азамат Ш. автокөлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік  масаң күйде автокөлік құралын басқарғаны анықталды.

Азаматтық іс бойынша тараптар бітімгершілік келісімге келді

06/11/2015

Ақмола облысы Ерейментау аудандық соты талапкер «ҚТЖ» Ұлттық Компаниясы» АҚ «Павлодар жолдар бөлімшесі» азамат К-ға заңсыз аударылған сомманы өндіріп алу туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қарады.

Сот отырысында тараптардан дауды бітімгершілік тәртібімен келісімді реттеу туралы өтінішхаттар түсті.

Тараптар бітімгершілік келісімге келіп, борышкер К. талап арызда көрсетілген қарыз сомасын өтеуге міндеттеліп, ал арызданушы келісім берді.

 

Тараптардың бітімгершілік келісімге келуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды

06/11/2015

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 200-бабының 1-бөлігі («Көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу») бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азамат К-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта, азамат К. заңсыз жымқыру мақсатынсыз, ЖШС-ның меншігіндегі көлік құралын иемденіп, егістіктен кетіп қалғаны анықталды. Кейін жолда келе жатып, аталған көлік құралын аударылуына жол берген.