Ақмола облысының Жарқайың аудандық сотында тұрғын-үйден шығару туралы дау сот медиациясы тәртібінде реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының Жарқайың аудандық сотына азаматтар К. және С-ны тұрғын-үйден шығару туралы талап қою арызымен азаматша М. жүгінді.

Сот анықтағандай, азаматша М. 2017 жылдың тамыз айында ауылда үй сатып алған және оның заңды иесі болып табылады. Бірақ аталған үйде азаматтар К. және С. тұрып жатыр, оларға үй тиесілі емес және ұзақ мерзімнен бері үй иесінің үйді босату туралы өтішітеріне көңіл бөлмеуде және оны босатпай жатыр. Азаматша М. аталған үймен пайдалану мүмкіндігіне ие бола алмай жатыр, сол себепті азаматтарды шығару туралы талап қою арызымен жүгінген.

Сот азаматтарға дауды медиацияны қолданумен шешуге мүмкіндік берді. Тараптар істі қарап жатқан судьямен медиацияны жүргізуге келісім берді.

Судья сот медиациясын жүргізіп, тараптар татуласты, сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Медиативтік келісім келесі шарттар бойынша бекітілді: азаматша М. талап қою арызынан бас тартты, ал азаматтар К. және С. 2018 жылдың 10 қарашасына дейін үйді босатуға міндеттенді.

Азаматша М-ға жауапкерлермен медиация тәртібінде татуласуына байланысты төленген мемлекеттік баж қайтарылды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі