Қорғалжын аудандық соты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық соты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге сот төрайымы Х.Кембаева, судья А.Зиада және кеңсе мамандары қатысты.

Сот төрайымы Х.Кембаева 2015-2025 жылдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасы туралы сөз сөйледі және осы Заң «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың мемлекеттiк органдардың тиімді қызметің қамтамасыз ету деп атап өтті.

Х.Кембаева Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізгі қағидаларына назар аударып, Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталғаны деп атап өтті.    

Дөңгелек үстелде, әр қызметкер мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін барлық заңнамасы және нормативті құқықтық актілердің талаптарын орындап қана қоймай, сонымен  қатар құқық бұзушылықты шығару бойынша қажетті шаралар өздігінен қабылдау керектігін аталып өтті.

 

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі