«Сот жаңалықтары» айдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

       ҚІЖМАС-на азамат «П.» соттың шақыртуы бойынша алқабидің міндетін атқару үшін келген жоқ. Сотпен азамат «П»-ға сотқа келу туралы хабарлама жолданғанын, алайда ол дәлелді себепсіз алқабилердің міндеттерін орындау үшін келмегені анықталды. Сот қаулысымен азамат «П.» ӘҚБтК-нің 655-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

     Ақмола облысының КТІжМАС –да кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды. Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағу және тәрбиелеу бойынша ата – ана міндеттерін орындамау фактілер анықталды. Заңды өкілдер  ретінде аналар спирттік ішімдіктер ішкен, үйлерінде антисанитария, балаларды тәрбиелеумен айналыспаған, балалардың мектепке баруын бақыламаған.      
   Сотта әйелдер кінәсін мойындады және өкінді.  Сот оларды ӘҚБтК –нің 127-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына әкімшілік айыппұл түрінде жаза  тағайындалды.

 

 

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі