«Соттар айнасы» айдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

   Аршалы аудандық сотында коллектр агенттігінің «Т.»-ға қарызды өндіру туралы азаматтық іс бойынша  медиативтік келісім бекітілді. Сот осы келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты, талапкерге төлеген мемлекеттік баж  қайтарылды.

   Аршалы аудандық сотында, тараптардың татуласуына байланысты,  ӘҚБтК-нің 73-бабының 3-бөлігі бойынша  құқық бұзушы «И.»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тоқтатылды.Сот азамат «И.»-ға қатысты медиция тәртібімен татуласуына байланысты іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарды.

   Аршалы аудандық сотына азаматша «Б.»-дан кәмелетке толмаған баласын асырап-бағуға алимент өндіріп алу жөнінде сот бұйрығын шығару туралы арыз түсті.Сот бұйрығымен жалақының және (немесе) өзге де кірістің 1/4 бөлігі мөлшерінде   алименттер өндіріліп алынды.

   Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігі бойынша (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) «А.»-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.Сотта анықталғандай, «А.» әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін, бір жыл ішінде қайтадан қоғамдық орында мас күйінде болды.
  Сот қаулысымен «А.»-ға 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

 

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі