Жер комиссияларының қызметімен байланысты жер заңнамасын қолдану мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

   Ақмола облыстық соты жер заңнамасын қолданудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдеріне арналған семинар өткізді.
   Семинарға Ақмола облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Найля Нұралыева, облыстық сот судьясы Мирас Сатыбалдин, МАӘС төрағасы Бауыржан Әлжанов және облыс судьялары, «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің төрағасы   Валентина Геращенко, сондай-ақ онлайн тәртібінде облыстың қалалары мен аудандық орталықтарында орналасқан Палатаның мүдделі өкілдері қатысты.
   Сот алқасының төрағасы Н.Нұралыева жер комиссияларының қызметімен байланысты құқық нормалары мен қолданыстағы сот тәжірибесін түсіндіру семинардың мақсаты болып табылатынын, өйткені заңнамаға сәйкес, жер комиссияларының құрамындағы ҰКП өкілдері өтініштерді қарап, жер телімдеріне құқықтарды беру туралы қорытындыларды дайындауға, жер телімдерінің мақсатты тағайындалуын өзгертуге, су қорының жерлерін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыруға қатысатынын атап өтті.
   Жер комиссиясының отырысын өткізу кезінде туындайтын мәселелер бойынша облыстық сот судьясы М.Сатыбалдин сөз сөйледі.
   Семинарда ҰКП өңірлік өкілдерінің мәселелері талқыланып, комиссияларының жұмысында қолдану үшін ұсынымдар берілді.

 

 

 

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі