Есіл аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Есіл аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

23/02/2017

Ақмола  облысының Есіл аудандық сотына «Ашық есік күні» Балалар үйінің оқушылары келді. Балалар «Төрелік» электронды ақпараттық жүйесінің қолдану бойынша кеңсе жұмысымен танысып, сот отырыстары залдарын қарап шықты.

Сот төрағасы Б.Нұрмағамбетов келушілерге сот жүйесінің дамуы мен сот жұмысы туралы айтып, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерін қараудың ерекшеліктерімен таныстырып өтті.