медиация тәртібімен

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот медиация тәртібімен азаматтық іс қарады

21/04/2016

Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот «В» Сауда үйі» ЖШС-нің «Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарыз соммасын өндіріп алу туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 277- бабының 6- бөлігіне сәйкес тараптар медиация тәртібімен реттеу туралы келісім  жасады. Тараптар қарыз соммасын қайтаруына шарт бойынша қарызды бөлшектеп және төлем кестесіне сәйкес өтеуіне келісіп  келісім жасады.