Архив событий

29/01/2014

Облыстық сотта «Ашық есік» күні өтті

29/01/2014

Ақмола облыстық соты «Ашық есік» күнін өткізді.

Ақмола облыстық сотының төрағасы, сот алқасының төрағалары, сот этикасы бойынша комиссияның төрағасы және судьялардың әрекеттеріне түскен шағымдарды қарау тобының жетекшісі азаматтарды облыс соттарында қаралған істер бойынша сұрақтарымен қабылдады.

Ақмола облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-мәжіліс өткізді

29/01/2014

Бүгінгі заман талабына сай форматтағы онлайн-мәжілістің басты мақсаты сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге жағдай жасау, тұрғындарға соттың қызметі туралы ақпарат беру, халық пен сот жүйесі арсындағы екеуара диалогты нығайту.

Интернет-мәжіліске қатысушылар, азаматтар мен зады тұлғалардың өкілдері өз сұрақтарын, ұсыныстарын және пікірлерін облыстық соттың ресми сайтындағы «Сұрақ-жауап» айдарына және облыстық соттың электронды мекен-жайына белгіленген күні жіберіп отырды.  Бұл күні облыс тұрғындарынан 6 сұрақ келіп түсті.