Архив событий

30/01/2014

Туған ұлдан келген қаза...

30/01/2014

Сол қанды оқиға болатын күні ұсталған Сәбиттің анасы өз бөлмесінде отырған. Сол мезет қасына Сәбиті келіп анасынан күнделікті ішетін дәрісін ұмытып кетпегендігін сұрап мазасын алды. Онсыз да ер жеткен ұлының қамсыз тірлігіне мазасызданып жүрген анасы оған дәрісін ішпегенін ашумен айтты. Осы сөз ана мен баланың арасындағы кезекті жанжалға ұласты. Дұшпан – ашудың жетегіне ерген ұр да жық Сәбит өзінің жуан жұдырығымен анасын тура шеке тұстан періп қалды. Мұндай қатты соққыны күтпеген анасы өз-өзіне ие бола алмай кереуетке соғылып, кейін жерге құлап түсті.