Архив событий

01/04/2024

Ұжымдағы моральдік-психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында

01/04/2024

   ҚР Сот әкімшілігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті ұжымдағы моральдік-психологиялық ахуалды жақсарту, әдеп жөнінде және заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатымен сот қызметкерлерімен психологиялық тренинг өткізді.  
   Іс-шараға А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті құқықтану кафедрасының меңгерушісі, профессор Анар Бухаева, ҚР мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы, әдеп жөніндегі уәкіл Еркін Жиян қатысты.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік жауапкершілік. Журналистермен баспасөз-конференция өтті.

01/04/2024

   Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Дәурен Ламашарипов журналистермен «Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында баспасөз конференцияда сөз сөйледі.
   Баспасөз конференциясы Өңірлік коммуникациялар қызметінің (ӨКҚ) Ақмола медиа орталығының алаңында өтті.