Архив событий

18/04/2024

Жасөспірімдер арасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында

18/04/2024

   Біржан сал аудандық сотының судьясы Фархат Абдраимов және аудан прокуроры Самат Нұрманбеков Степняк қаласы орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.  
   Жасөспірімдерге есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты түсіндіру бойынша дәріс оқылды, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.
   Іс-шара кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатымен өткізілді.

 

 

Жария сот отырысы. Сот құқық бұзушылықтың салдарын түсіндірді.

18/04/2024

   Егіндікөл ауданында екі дос, жергілікті колледж түлектері ұрлық жасаған.
   Егіндікөл ауылында түнгі уақытта «Х.» және «Ш.» үйлердің ауласында тұрған автокөліктерден бензин ұрлап, көлік ішіне кіріп, автомагнитолдар алған (Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 3-бөлігінің 2,3-тармақтары).
   Осылайша, жас адамдар көлік иелеріне материалдық шығындар келтірді.
   Сотта «Х.» және «Ш.» кінәларін мойындады, өкінді, барлық жәбірленушілерге келтірген шығындарды қайтарды. Жәбірленушілер сотталушыларды кешіріп, соттан оларды бас бостандығынан айырмауды сұрады.