Жария сот отырысы. Сот құқық бұзушылықтың салдарын түсіндірді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

   Егіндікөл ауданында екі дос, жергілікті колледж түлектері ұрлық жасаған.
   Егіндікөл ауылында түнгі уақытта «Х.» және «Ш.» үйлердің ауласында тұрған автокөліктерден бензин ұрлап, көлік ішіне кіріп, автомагнитолдар алған (Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 3-бөлігінің 2,3-тармақтары).
   Осылайша, жас адамдар көлік иелеріне материалдық шығындар келтірді.
   Сотта «Х.» және «Ш.» кінәларін мойындады, өкінді, барлық жәбірленушілерге келтірген шығындарды қайтарды. Жәбірленушілер сотталушыларды кешіріп, соттан оларды бас бостандығынан айырмауды сұрады.
   Жаза тағайындауда сот сотталушылардың кінәсін мойындап, шын жүректен өкінуін, келтірілген залалдың өтелуін ескерді.
   Сот үкімімен «Х.» және «Ш.»-ға әрқайсысына 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу тағайындалды, пробациялық бақылау белгіленіп, міндеттер жүктелді. Оған қоса, сотталғандар жазасын өтеу мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан қоғамдық орындарда мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды.
   Сот отырысына шақырылған жергілікті колледждің студенттері қатысты. Сот процеске қатысушыларға құқық бұзушылықтың салдарын түсіндірді.

 

 

Источник: 
Ақмола облысы Егіндікөл аудандық соты