Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік жауапкершілік. Журналистермен баспасөз-конференция өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

   Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Дәурен Ламашарипов журналистермен «Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында баспасөз конференцияда сөз сөйледі.
   Баспасөз конференциясы Өңірлік коммуникациялар қызметінің (ӨКҚ) Ақмола медиа орталығының алаңында өтті.
   Сот төрағасы Д.Ламашарипов Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нормаларын, әкімшілік жауапкершіліктің түрлері мен құқық бұзушыға қолданылатын - қорғау нұсқамасы, құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу және басқа да шараларды түсіндірді, сондай-ақ сот практикасынан мысалдар келтірді.
   Баспасөз мәслихаты барысында спикер журналистердің сұрақтарына жауап берді.  

 

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі