Балабақша қызметкерлерінің қатысуымен жария сот отырысы өтті. Сот баланы шымшып алғаны үшін тәрбиешіге айыппұл тағайындады.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

   Сот Атбасар қаласының мектепке дейінгі балалар мекемелері қызметкерлерінің қатысуымен жария сот отырысын өткізді.
   Сотта балабақша тәрбиешісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот қаулысы жарияланды.
   Балабақша тәрбиешісі «М.» бес жасар баланың денесінен шымшып, жеңіл түрде жарақат салып, оның денсаулығына зиян келтірді (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-бөлігі).
   Құқық бұзушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, баланың өкілінің «М.»-ға қатысты шара қабылдау туралы өтінішімен, сарапшының көгеру түріндегі баланың дене жарақатын анықтағаны туралы қорытындысымен және істің басқа да материалдарымен расталды.
   Құқық бұзушыға жаза тағайындауда, сот кінәсін мойындауын және екі кәмелетке толмаған баланың болуын жеңілдететін жағдайлар ретінде таныды. Және де жас балаға қатысты құқық бұзушылық жасағанды ауырлататын жағдай деп таныды. Кәмелетке толмаған балалардың болуынан, «М.»-ға қамаққа алу шарасы қолданылмады.
   Сот қаулысымен «М.»-ға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
   Сонымен қатар, ауданның білім бөлімі басшылығы атына сот жекеше қаулы шығарды. Жекеше қаулыда балабақша тәрбиешінің бұзушылығы туралы баяндалып, мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінің басқа қызметкерлерінің тарапынан мұндай бұзушылықтарға жол бермеуге шара қолдануға назар аударылды.

 

 

Источник: 
Ақмола облысы Атбасар аудандық соты