Құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысында өзара әрекеттесу туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

   Қорғалжын аудандық сотының судьясы Асқар Зиада ішкі саясат, төтенше жағдайлар, білім бөлімі, отбасыларды қолдау және сүйемелдеу Орталығы, Іскер әйелдер қауымдастығы, Аналар кеңесінің өкілдері, учаскерлік инспекторы мен психологтің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізді.
   Кездесудің тақырыбы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық, алаяқтық, бопсалау және есірткі-психотроптық заттармен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу».
   Іс-шарада құқық бұзушылықтардың себептерін анықтау, алдын алу, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсарту саласындағы сұрақтар талқыланды.
   «Дөңгелек үстелдің» қорытындысы құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындарды ақпараттандыру, түсіндіру жұмысында өзара әрекеттесу туралы шешім қабылданды.

 

 

Источник: 
Ақмола облысы Қорғалжын аудандық соты