Қылмыстық іс қаралуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының Зеренді аудандық сотында сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлап, иеленіп алған және ысырап еткен деп айыпталған ағайынды екі жігітке қатысты қылмыстық іс қаралуда. Айыпталушылар Көкшетау қаласы, Зеренді және Сандықтау аудандарының тұрғындарын алдап сенімдеріне кіру арқылы аса ірі көлемде шығын келтірген.

Қылмыстық тергеу органдары ағайындылардың 2000 жылдан бері  бірлесіп тұрғындардың жылқыларын баққандығын анықтаған. Олар мал иелерінің табында нақты қанша бас малдары барын білмейтіндіктерін пайдаланып 2012 жылы  429 бас жылқыны ұрлаған.

Қылмыстық іс бойынша жалпы жәбірленушілер саны - 105.

Кезекті сот отырысы 2014 жылдың 9-қаңтарында 10.00-ге тағайындалды.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі