Наурыз – көктем мен жаңарудың мерекесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы облыс судьялары мен сот қызметкерлерін Наурыз мерекесімен құттықтады. Салтанатты шарада жиналғандарды сот төрағасынан басқа отставкадағы судья Ғибәділов Мейрам Мырзахметұлы мен облыстық соттың судьясы Қасымов Темірхан Балтаұлы құттықтап, сөз сөйледі.

Наурыз - бұл күн мен түннің теңеліп, бар тіршіліктің тірілетін кезімен тұспалдасып жатқан мереке. Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Құттықтаудың ресми бөлігінен кейін жиналғандар мерекелік үстелге шақырылып киелі домбыраның әуелеген үнінің аясында дәстүрлі наурыз көжеден, қасиетті ас қымыздан дәм татты.

Жиналғандар бір-біріне ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық деген сияқты тілектер білдірді. Үлкендер жағы отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеп ақ баталарын берді.

 

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі