Өзінің әйелін өлтіруге бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өзінің әйелін өлтіруге бағытталған әрекет жасаған Көкшетау қаласының тұрғыны азамат К.,-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот анықтағандай, 2013 жылдың қыркүйек айында азамат К., Көкшетау қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының жанында   өзінің заңды әйелімен керісіп қалып, ашумен оның мойын тұсын алмаспен орып жіберген. Сөйтіп оқиға болған орыннан тайып отырған.

Кейін белгілі болғандай, оқиға болар күннің алдында азамат К., кешқұрым уақытта әйелімен керісіп қалып, келесі күні ажырасу туралы әңгімелесу үшін әйелі оқитын оқу орнының алдына барып тосып алған. Әңгіме барысында екеуара жанжалдасып қалып, сотталушы зайыбын алдымен қылғындырып одан кейін алмаспен мойын тұсынан орып жіберген. Қыздың жанайғайына күзетші мен аула сыпырушысы жүгіріп шығып, қылмыскер қорқып қашып кеткен.

Сот үкімімен азамат К., ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 96-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеу үшін 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі