Психотроптық заттарды дайындағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

   Щучинск қаласының 22 жастағы тұрғыны «Т.» әлеуметтік желі арқылы адамдар тобымен (зертхананың әкімшілерімен, қылмыстық іс оларға қатысты жеке өндіріске бөлінген) психотроптық заттар дайындау жөнінде сөз байласқан.
   Олардың нұсқауларын орындай отырып, «Т.» Бурабай ауданы Щучинск қаласында жеке үй сатып алды. Аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды дайындауға қажетті құрамдас элементтер, аспаптар мен құрылғыларды тауып алып, нарколаборатория ұйымдастырды.
   Осылайша, «Т.» өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз дайындады және сақтады (ҚК-нің  297-бабы 3-бөлігінің 1,3-тармақтары).
   Сот үкімімен «Т.», мүлкі тәркіленіп, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
   Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Источник: 
Ақмола облысының ҚІЖМАС