«Іс-шаралар әлемі айдары»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

      Астрахан аудандық сотының судьясы Жангелді Ахметов ауданның кәсіби медиаторлардың және адвокаттардың қатысуымен семинар өткізді.Семинарда судья бітімгершілік рәсімдерді үйлестіруді түсіндіріп, тараптардың татуласуы жөніндегі әдістер мен ұсыныстарды талқылады.   

     Бұланды аудандық сотында «Мемлекеттік тілдің дамуы» және «ӘРПК-тің ережелерін түсіндіру» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Аталған іс-шараға судья және мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.Кездесу мемлекеттік тілде сот жүргізудің жай-күйі, мемлекеттік органдардың өтініштерді  жасау сапасы, әкімшілік  рәсімдерді жүргізу мәселелерін  талқылау мақсатында өтті.

    Сандықтау аудандық соты Тілдерді оқыту орталығы өкілдерімен бірлесіп, «Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

    Жақсы аудандық соты төрағасының м.а. Ринат Сақанов полиция бөлімі,   төтенше жағдайлар бөлімі, санитарлық-эпидемологиялық бақылау басқармасы, салық бөлімі, білім беру бөлімі және пробация бөлімі өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік тілді дамыту және пайдалану» тақырыбында  «дөңгелек үстел» өткізді.

 

 

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі