Сот Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Шортанды аудандық соты Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты 71 әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, Өзбекстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасына жеке мақсатпен келген және 2015 жылдың 7 шілдесінен Қазақстан Республикасының аумағына келіп, көші-қон полициясы органдарында тіркелмегендіктен, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Шортанды аудандық сотының қаулысымен Өзбекстан Республикасының азаматтары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 517-бабының 2-бөлігінде «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып 1 (бір) тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

 

Ақмола облысының сотының
баспасөз қызметі