Сот тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықты заңсыз деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты Көкшетау қаласының ТЖБ-нің бас маманының тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықты заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы қойған талабы бойынша азаматтық істі қарады.

Департамент бастығының бұйрығымен өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны, яғни жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың белгіленген тәртібін бірнеше рет бұзғаны үшін Көкшетау қаласының ТЖБ-нің бас маманына қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданған. Оның бұзушылығы жер телімдеріне өрт-техникалық тексеру өткізу туралы азаматтардан және Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі бастығынан түскен өтініштеріне ол өртке қарсы қызмет органдарының құзырына мұндай техникалық тексеру жатпайтындығы туралы жауап бергенінде болып тұр. Ол үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мұндай өтініштерді қарауға өкілетті тиісті субъектіге, яғни әкімдікке жіберуге тиіс еді.

Маманды тәртіптік жазаға тарту үшін прокурордың О-ға қатысты тәртіптік іс қозғау туралы қаулысы негіз болған.

Сот «Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ жер телімі бөлінуі немесе бөлінбеуі мәніне азаматтардың өтініштерін қарау кезінде өртке қарсы нормалары мен қағидаларына сәйкес жазбаша қорытынды беру туралы Көкшетау қаласының ТЖБ-на 2012 жылғы 27 қарашасында өтініш жасағанын анықтаған.

Аталмыш өтінішке Көкшетау қаласының ТЖБ жер телімдерін бөлінуі мәніне тексеру жөнінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау өрт қауіпсіздік органдарының құзырына жатпайтындығы туралы жауап берген.

Кейін азаматтардың және құрылыс бөлімі бастығының өтініштеріне талапкер іспеттес жауап берген.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап берген кезінде талапкер өтініш берушілердің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбаған.

Бұл жағдайда өтініш берушілерді жер телімдерін бөлінуі туралы мәселе шешілуі құзырына жататын орган ТЖБ-на жіберген болатын. Сондықтан, өтініш берушілердің өтініштерін қайта жіберуге пайдасы болмас еді. Одан басқа, бас маман дербес өтініштерді қарауға және оларға жауап беруге құқылы емес. Оның міндеттері өтініштерді алдын ала қарап, жауап әзірлеу. Әзірленген жауаптың заңдылығын тексеру басқарма бастығының құзырына жатады, бастық қол қойған жауаптар өтініш берушілерге жолданған. Сот шешімімен қойған талап қанағаттандырылған.

Ақмола облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы сот шешіміне жауапкердің апелляциялық шағымы бойынша түскен осы азаматтық ісін қарап, өз қаулысымен сот шешімін өзгертусіз, апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдырды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

 

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі