«Сот жаңалықтары» айдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

    Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотта некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.
    Сот отырысы барысында жауапкермен татуласуына байланысты   талап арызды қайтару туралы  талапкерден өтініші түсті. Соттың ұйғарымымен азаматтық іс бойынша іс жүргізу тараптардың татуласуына байланысты  тоқтатылды,

   Баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы азаматтық іс медиацияны қолданумен  қаралды.
 Сот отырысы барысында тараптар келесі шарттармен медиациялық келісім жасасты.Тараптар балалардың тұрғылықты жерін талапкермен қалдыруға келісті. Жаупкермен балалар әр демалыс және мереке күндері  кездесетін болады.  Сот ұйғарымымен тараптар арасында медиация тәртібімен келісім жасалуына  байланысты, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

  Кәмелетке толмаған балалардың  заңды өкіліне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
  Кәмелетке толмаған балалардың күтіп – бағу және тәрбиелеу бойынша ата –ана міндеттерін орындамау фактісі  анықталды. Анасы заңды өкіл  бола тұра, азғын өмір салтын ұстанады және кәмелетке толмаған балаларының тағдырына қызығушылық танытпайды. Сот  азаматша «И»-ні  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының  2 – бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, айыппұл  түріндегі жаза тағайындады.

   Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
   Кәмелетке толмаған баламен  спирттік ішімдіктерді ішу фактісі  анықталды.Азамат «Д» кәмелетке толмаған баланы мас күйге жеткізген. Сот азамат «Д»-ны  ӘҚБтК-нің 131 – бабында көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады.  

 

 

Источник: 
Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты