Сотталғандар арасында жазаны өтеу тәртібінің бұзушылығына жол бермеу мақсатында жария сот отырысы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

   Сотталғандар арасында жазаны өтеу тәртібінің бұзушылығына жол бермеу мақсатында жария сот отырысы өтті
   Сот пробация қызметінің сотталғанға бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсынысын қарау бойынша жария сот отырысын өткізді.
   Сот үкімімен «Ш.» ұрлық жасағаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Бір жылдан кейін сот қаулысымен сотталғанның өтініші бойынша бас бостандығынан айыру бостандығын шектеуге пробациялық бақылау белгіленіп, мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, ауыстырылды.
   Кейін, пробация бөлімі «Ш.»-ні бостандығын шектеуді бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсыныспен сотқа жүгінді.
   Сот ұсынысты қанағаттандырып, жазаны ауыстырды.
   Бұл ретте сот, «Ш.» бұрын бірнеше рет сотталғанын, оның жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылғанын, есепке қою кезінде оған жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары түсіндірілгенін, жауапкершілік туралы ескертілгенін, профилактикалық әңгімелер жүргізілгенін, бірақ ол бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, мәжбүрлі еңбекке қатыспағанын, өзіне жүктелген міндетін, пробация қызметінің талаптарын орындамағанын, жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзғанын ескерді.
   Сот актісі пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың қатысуымен жарияланды, сондай-ақ сот отырысына мекемеде жазасын өтеп жатқан басқа да сотталғандар онлайн тәртібінде қосылды.
   Жария сот отырысы осындай бұзушылықтардың сотталғандар арасында алдын алу және болдырмау мақсатында өткізілді.

 

 

Источник: 
Ақмола облысы Аршалы аудандық соты