Төрт облыс тұрғындары қаржы пирамидасының құрбаны болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

   Азаматтарға ескерту: қаржы пирамидасын ұйымдастыру бұл - қылмыс.
   Сот қаржы пирамидасын құрған Көкшетау қаласының тұрғыны «Н.»-ді бас бостандығынан айырды.
   2022 жылғы қазан - 2023 жылғы сәуір аралығында «Н.», адамдар тобында алдын ала сөз байласып, көптеген азаматтардың аса ірі мөлшерде ақшаларын тарта отырып, «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасының бөлімшесін құрып, басшылық еткен. (ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы).
   «Н.» фармацевтикалық зауыт салу, диеталық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмектерді дамыту үшін салымшы азаматтардың қаражаттарын заңсыз тартқан. Осылайша салымшыларға сыйақы алу арқылы табыстың тез өсуіне уәде берген.
   «Н.» Көкшетау, Астана, Алматы қалалары және СҚО азаматтарының 300 млн. теңгеге жуық ақшалай қаражатын қаржы пирамидасына салғызған.
   Сотта «Н.»-нің кінәсі жәбірленушілер, куәгерлердің айғақтарымен, «Н.»-нің пәтерін тінту хаттамасымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
   Сот үкімімен «Н.»-ға, оның мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сотталушыдан 17 жәбірленуші азаматтардың пайдасына жалпы сомасы 16 млн. теңгеден астам келтірілген шығын өндіріліп алынды.
   Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Источник: 
Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты