«Жергілікті соттардың іс-шаралары» айдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

       Аршалы аудандық сотында "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.  Кездесуге сот төрағасы, прокурор, әйелдер құқығын қорғау жөніндегі жергілікті полиция қызметінің басшысы, әйелдер құқығын зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспектор, "Отбасылық табыс орталығы" қоғамдық қорының директоры, ҚХА қоғамдық медиаторы қатысты.
     Іс-шарада отбасылық медиацияны дамыту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу сұрақтары талқыланды. «Дөңгелек үстелге» қатысушылары пікірлерімен алмасып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына психологиялық көмек көрсету және қолдау кабинетін  ашу бойынша ұсыныстар айтты.

     Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты судьялар мен сот мамандары арасында «Сыбайлас жемқорлық теріс құбылыс» тақырыбында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Абай Жаналиновтың қатысуымен семинар сабағы өтті.
    Іс-шараның мақсаты: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу.
    Абай Жаналинов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының тұжырымдамасын іске асыру жұмыстары туралы, сондай-ақ, заңнамада өзгерістер туралы атап өтті.

    Астрахан аудандық сотының төрағасы Нұржан Мелдебаев  сот жүйесіндегі жаңалықтарды түсіндіру мақсатында, Агротехникалық колледж студенттерімен «Ашық есік күнін» өткізді.  
    Кездесу барысында Нұржан Мелдебаев студенттерге мамандықты таңдау   және мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін түсіндірді.
 
   Зеренді аудандық сотында прокуратура, әкімдік және полиция бөлімі өкілдерінің қатысуымен істер мен материалдардың электронды түрде жолдау реті және оларды мемлекеттік тілде әзірлеу бойынша «дөңгелек үстел» өтті.
 

 

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі