Ақмола облыстық сот

Жақсы аудандық соты 2016 жылдың жұмысын қорытындылады

12/01/2017

2016 жыл ішінде Жақсы аудандық соты 307 азаматтық іс қарады, оның ішінде 2 азаматтық іс татауласу келісімін бекітуімен және 10 іс медиация тәртібімен қаралды.

Сотпен 71 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 13  іс медиация тәртібімен қаралған.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылық жасағаны үшін Степногорск қаласының тұрғыны кінәлі деп танылды

05/07/2016

Ақмола облысы Степногорск қалалық соты қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін азамат Ш-ны айыптау бойынша қылмыстық іс қарады.

Сотта, қылмыстық іс бойынша күдікті болып табылатын азамат Ш.  Степногорск қаласының ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісіне пара ретінде 30 000 теңге ақшалай қаражатты беруге талпынғаны анықталды. Алайда тергеуші оның іс әрекеті заңсыз екенін және ол қылмыстық құқықбұзушылық жасайтынын ескертті.

Сот кәмелетке толмаған ұлының бұзақылық жасағаны үшін әйел адамға әкімшілік айыппұл тағайындады

18/05/2016

Ақмола облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық соты азаматша Ж-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша Ж-ның кәмелетке толмаған ұлы сағат 22.00-де көшеде болып, тұрғын үйдің терезесін сындырған, осылайша кәмелетке толмаған бала ұсақ бұзақылық жасап, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған.

Сот автокөлік құралы бойынша салық берешегін мемлекет пайдасына өндіріп алды

30/03/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты «Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» азамат И-дың салық берешегін өндіріп алу туралы арызын қарады.

Сотта, азамат И. 2011 жылдан бастап 2014 жылға дейін автокөлік құралы бойынша салық берешегін төлемегені анықталды, оның берешек соммасы 46427 тенге  құрады.

Сот бұйрығымен азамат И-дан мемлекет пайдасына автокөлік құралы бойынша салық берешегі өндіріп алынды.

 

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі

 

 

Медиативтік келісімге келуіне байланысты сот қылмыстық іс бойынша сот өндірісін қысқартты

10/12/2015

Ақмола облысы Аршалы аудандық соты көлікті айдап әкету бойынша айыпталған азамат С-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат  С. алкогольдік масаң күйінде автокөліктің иесі көліктің есігін ашық қалдырғандығын және от алдыру кілтін пайдалана отырып, автокөлікті айдап әкеткен. Сот отырысында, келтірілген зиянды өтегендігі және татуласқандығы жөнінде істі қысқарту туралы жәбірленушіден өтінішхат ұсынылды.