Ақмола облыстық соты

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлеріне

12/05/2017

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті аттестаттаудың екінші кезеңі жеке тұлғалық құзыреттерін бағалау (тестілеу) аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыр

Сот алиментті өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша медиативтік келісім бекітті

05/04/2017

Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотында алиментті өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта, бұрыңғы ерлі-зайыптылар келесі шарттар негізінде медиативтік келісімді жасады: жұбайы ай сайын алиментті төлеуге міндеттенді, ал талапкер алиментті өндіріп алу туралы талап арыздан бас тартты.

Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітілді, алиментті өндіріп алу туралы азаматтық іс өндіріспен тоқтатылды.

Көкшетау қалалық сотымен Бурабай ауданының үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды

23/02/2017

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты  ауыр дәрежедегі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деп айыптау бойынша Бурабай ауданының үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы заңсыз іс әрекет жасаған, атап айтқанда, ЖШС-нің менеджерінен мердігерлік жұмыстарды алуына жәрдем көрсеткені үшін 2 000 000 теңге сомасында пара алған.

Сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті

06/02/2017

Ақмола облысы Есіл аудандық соты жұбайынан алимент өндіріп алу туралы азаматша А-ның талап арызын қарады.

Сот анықтағандай, ерлі-зайыптылар некеде тұрады және олардың кәмелетке толмаған балалары бар. Қазіргі уақытта жұбайы бөлек тұрады, балалары анасының асырауында. Осыған байланысты, азамат А. кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін күйеуінен алимент өндіріп алуын сұрады.

Еңбекшілдер аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды құрастыру сапасының мәселелері талқыланды

01/02/2017

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды құрастыру сапасы мәселелерін талқылау бойынша  «дөңгелек үстел» өткізілді. «Дөңгелек үстелге» ішкі істер бөлімі және әділет басқармасының өкілдері қатысты.

Қылмыстық іс келісімдік іс жүргізуде қаралды

30/01/2017

Ақмола облысы Степногорск қалалық соты кісіні тонағаны үшін азамат К-ға қатысты келісімдік іс жүргізуде қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат К. жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып, бөтеннің мүлкін ашық жымқырған. Атап айтқанда, азамат К.  ер адамның банкоматтан ақшаны алғанын көріп, оны ұрып, ұялы телефонын және әмиянды ақшасымен ұрлаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде прокурор мен сотталушы арасында кінәсін мойындау туралы процесстік келісім жасалды.

Сот қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап арызды қарады

27/01/2017

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты азаматша П-дан  қарыз сомасын өндіріп алу туралы азаматша Л-дің талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша Л. және азаматша П. арасында қолхат түрінде қарыз алу туралы келісім-шарты жасалған. Келісім-шартқа сәйкес, азаматша П. 2014 жылдың соңына дейін 241 600 теңге сомасын азаматша Л-ға беруге міндеттенді. Алайда, осы күнге дейін азаматша П. өзінің міндеттерін орындамаған.

Сот жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерін орындамағаны үшін автокөлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады

26/01/2017

Ақмола облысы Жақсы аудандық соты жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамағаны үшін азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат А. автокөлікті басқару кезінде маневр жасап, басқа автокөлікпен соқтығысқан, содан-соң оқиға орнынан кетіп қалғаны анықталды.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін қылмыстық жауаптылық

25/01/2017

Степногорск қалалық соты денсаулыққа ауыр зиян келтірді деп айыптау бойынша азамат Ч-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Ч. азамат С-мен жанжалдасу кезінде, бұзақылық ниетпен, оған пышақпен соққы жасап, денсаулығына ауыр зиян келтiрген.

Медиация тәртібімен қылмыстық іс тоқтатылды

20/01/2017

Ақмола облысы Жақсы аудандық соты азаматша Д-ның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтiргені үшін айыптау бойынша азаматша А-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша Д. азаматша А-ны жеке айыптау тәртібі бойынша шағымымен, сонымен қатар материалық шығынды және моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сотта сотталушыға наразылығы жоқ екені түрінде  және сотталушымен медиация тәртібінде татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы жәбірленушіден өтініш хат түсті.

Беттер