Ақмола облыстық соты

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

08/09/2015

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Қ» Акционерлік қоғамының жеке кәсіпкер Т-ны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызын қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сотпен, тараптар арасындағы мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартқа сәйкес, жауапкер талапкердің мекен-жайына тауар – барлығы 200 қорап қағазды жеткізуі тиіс екендігі анықталды.

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындалды

08/09/2015

Ақмола облысының Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотпен, азамат К. 1 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған тұлға бола тұра, автокөлік жүргізгені анықталды.

Әкімшілік істерді электронды түрде жолдау

07/09/2015

Ақмола облысының Қорғалжын аудандық соты  «Сот кабинеті» ақпараттық жүйе арқылы «Әкімшілік істерді электронды түрде жолдау» тақырыбына  дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты.

Сот қамаққа алу бұлтартпау шарасының мерзімін ұзартты

07/09/2015

Ақмола облысының Астрахан аудандық сотының тергеу судьясының қаулысымен күдікті М-ні қамаққа алу мерзімі 4 айға ұзартылды.

2010 жылы қылмыстық тергеу органдарымен М-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-б. 3-т. «б» т., 194-б. 2-т., 325-б. 1-т., 325-б. 3-т. (алаяқтық, несиенi заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану, жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, мөрқағаздарды, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша айыптаулар тағылып, қылмыстық іс қозғалды.

Атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

04/09/2015

Ақмола облысының Зеренді аудандық соты азамат К-ға қатысты әкімшілік материал қарады.

Сотпен, борышкер К. әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны орындаудан, яғни қарыз сомасын төлеуден ұзақ мерзім жалтарғаны анықталды.

Сот қаулысымен азамат К. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 669-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.   

 

Ақмола облысы 
Зеренді аудандық соты

Еңбекшілдер аудандық сотының судьясы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалімен марапатталды

03/09/2015

Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етіп, еліміздің тәуелсіздігін нығайтып, Қазақстан қоғамында келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға қосқан үлесі үшін  «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен Ақмола облысының Еңбекшілдер аудандық сотының судьясы Жұмақаев Төлебек Қайрөшұлы марапатталды.

Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығына орай

02/09/2015

Қазақ КСР-і ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Габдуллиннің 100 жылдығына орай Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары мен мамандары мұражайға барды.

Беттер