Целиноград және Қорғалжын аудандарының тұрғындарымен жұмыс кездесулерін өткізіп

Ақмола облыстық сотының төрағасы Астрахан, Егіндікөл, Целиноград және Қорғалжын аудандарының тұрғындарымен жұмыс кездесулерін өткізіп, азаматтарды қабылдайды

19/09/2017

Ағымдағы жылдың 21-22 қыркүйегінде Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Астрахан, Егіндікөл, Целиноград және Қорғалжын аудандарының селолық округтарының әкімдері, депутаттар, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының бірінші басшылары, ардагерлер және БАҚ өкілдерінің қатысуыларымен жұмыс кездесулерін өткізеді.

Сонымен қатар, Ақмола облыстық сотының төрағасы аталған аудандардың соттарында азаматтарды қабылдайды.