тараптардың татуласуы

Азаматтық сот ісін жүргізуде тараптардың татуласуы

24/05/2016

Сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не Азаматтық процестік кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды

14/04/2016

Ақмола облысы Шортанды аудандық соты ауыл тұрғынға қатысты келісімдік іс жүргізуде қылмыстық іс қарады.

Сотпен, ауыл тұрғыны азамат В-ның гаражына заңсыз кіріп, электр араны және қолбұрғыны ұрлап, жәбірленушіге 23 000 теңге сомасына материалдық зиян келтіргенін анықталды. Осыған байланысты ер адам қылмыстық құқық бұзушылық жасап, қоймаға заңсыз кiрумен бөтеннің мүлкін жасырын жымқырды.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты тараптардың татуласуына байланысты 28 іс қарады

13/04/2016

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында тараптардың татуласуына байланысты қаралған істердің саны арттыруда.

Мысалы, 2016 жылдың I тоқсанында Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 1652 азаматтық іс қаралған, оның ішінде татуласу келісімін жасауымен 26 азаматтық іс және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеумен 2 іс қаралды.

Шортанды аудандық соты тараптардың татуласуына байланысты 18 азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер қарады

13/04/2016

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 175-бабына сәйкес татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейінгі сот талқылауының кез келген сатысында, сондай-ақ сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін.       Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабына сәйкес қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген

Тараптардың татуласуына байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату

12/04/2016

2016 жылдың бірінші тоқсанында Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 850 әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қаралды, оның ішінде құқық бұзушының жәбiрленушiмен татуласыуна байланысты 5 әкімшілік іс тоқтатылды.

Тараптардың татуласуы

22/12/2015

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.