Тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Шортанды аудандық соты ауыл тұрғынға қатысты келісімдік іс жүргізуде қылмыстық іс қарады.

Сотпен, ауыл тұрғыны азамат В-ның гаражына заңсыз кіріп, электр араны және қолбұрғыны ұрлап, жәбірленушіге 23 000 теңге сомасына материалдық зиян келтіргенін анықталды. Осыған байланысты ер адам қылмыстық құқық бұзушылық жасап, қоймаға заңсыз кiрумен бөтеннің мүлкін жасырын жымқырды.

Сотта, прокурор мен сотталушының арасында кінәсін мойындау туралы процестік келісім жасалынды. Сотталушы қылмыстық құқық бұзушылық жасағанына өкініп, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен  келтiрiлген зиянды қалпына келтіру және жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігі (Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) негізінде азамат сотталушыға қатысты Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармақшасымен қарастырылған (Ұрлық) қылмыстық іс тоқтатылды. 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі