Архив событий

18/04/2016

Ақмола облысы Сандықтау аудандық соты 6 азаматтық істі медиацияны қолданумен қарады

18/04/2016

Ақмола облысы Сандықтау аудандық соты еңбекақы берешігін өндіріп алу, пайдаланбаған кезекті еңбек демалысына өтемақыны және келтірілген моральдық зиянды өндіріп алу туралы «Г» ЖШС-гі  жұмысшыларының талап арыздары бойынша 6 азаматтық істер қарады.

Сотта, тараптар – жұмысшылар мен жұмыс беруші, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасауға келісті.

Судьямен тараптарға медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту және іс бойынша өндірісті тоқтату салдары түсіндірілді.

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке қатысты

18/04/2016

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісі соттар ғимаратының аумағында сенбілік өткізді. Қызметкерлер сот ғимаратына тиісілі аумақты тазалау, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын ұйымшылдықпен атқарды.

Сонымен қатар, іс-шараға аудандық және оларға теңестірілген соттардың кеңсе қызметкерлері қатысты.

Қызметкерлер ғимарат аумағындағы ағаштар мен ернеулерді сылап, дуалдарды сырлады, ағаш маңындағы жерлер қопсытылды.

Жақсы аудандық соты татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша 2 азаматтық іс

18/04/2016

Татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейінгі сот талқылауының кез келген сатысында, сондай-ақ сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін.

2016 жылдың I тоқсанында Ақмола облысының Жарқайың аудандық сотында барлығы 96 азаматтық іс қаралған, оның ішінде татуласу келісімін жасауымен 1 азаматтық іс және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеумен 1 іс қаралды.

 

Ақмола облыстық сотының

Сот денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады

18/04/2016

Жарқайың аудандық соты азамат М-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат М. спирттік ішімдікті  ішіп, кикілжің салдарынан азамат Б-ға қасақана пышақпен мойынына соққы жасаған. Нәтижесінде алған пышақ соққысынан ер адам Жарқайың ауданының орталық ауруханасында қайтыс болды.

Әкiмшiлiк жаза ұғымы және мақсаттары

18/04/2016

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 40-бабына сәйкес әкiмшiлiк жаза, осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы болып табылады және мұндай құқық бұзушылық жасаған тұлғаны құқықтары мен бостандықтарынан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексте көзделгендей айыруды немесе олардың шектелуін қамтиды.

Ақмола облыстық соты жалпы отырыс өткізеді

18/04/2016

2016 жылдың 18 сәуірінде сағат 17.00-де соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңесінде бос судья лауазымына орналасу үшін конкурсқа қатысатын кандидаттардың қарау нәтижелерін талқылау бойынша Ақмола облыстық сотының жалпы отырысы өткізіледі.

 

Ақмола облыстық сотының жанындағы соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес отырыс өкізеді

18/04/2016

2016 жылдың 18 сәуірінде сағат 12.00-де Ақмола облыстық сотының жанындағы соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес Жоғары Сот Кеңесімен жарияланған бос аудандық және оған теңестірілген соттарының судья лауазымына орналасу үшін конкурсқа қатысатын кандидаттың моральдік- адамгершілік қасиеттерін талқылау бойынша отырыс өткізеді.