Архив событий

15/04/2016

Сот 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

15/04/2016

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азамат С-ға  қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат С. автокөлік құралын басқара отырып, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып, жол қозғалысына қауіп төндірген. Осылайша азамат С. Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының бұзған.

Сот тергеушісінің қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішхатты қанағаттандырды

15/04/2016

Ақмола облысы Шортанды аудандық соты Шортанды аудандық ішкі істер бөлімі тергеушісінің күдікті М-ға қатысты  қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішхатын қарады.  

Сот анықтағандай азамат М. алдын ала тергеу органдарымен адам өлтірді және бөтен адамның мүлкiн қасақана жойды деп айыптауда.

Сот 20 тәулік мерзімге қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады

15/04/2016

Астрахан  аудандық соты азамат Қ-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта,  ер азаматтың көлік құралын басқару құқығы жоқ тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік басқарғаны анықталды. Осымен ол  жүргізушіге көлік құралын басқаруға тыйым салынған, Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасын бұзған.

Жеке кәсiпкердiң банкроттығы

15/04/2016

Дара кәсiпкердiң дәрменсiздiгi банкрот деп тануға негiз болып табылады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 21-бабыны сәйкес дара кәсіпкердің банкроттығы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген қағидалар бойынша ерiктi немесе мәжбүрлi түрде танылады. Дара кәсiпкер банкрот деп танылған кезден бастап оны дара кәсiпкер ретiнде тiркеудiң күшi жойылады.

Әкiмшiлiк жаза түрлерi

15/04/2016

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 41-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн мынадай әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкін:

1) ескерту жасау;

2) әкiмшiлiк айыппұл;

3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу;

4) арнайы құқықтан айыру;

Қорғалжын аудандық сотының судьясы «Мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу сұрақтары» тақырыбында сөз сөйледі

15/04/2016

Қорғалжын  аудандық сотының судьясы А.Зиада «Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу сұрақтары»  тақырыбында Қорғалжын селолық округі әкімдігінің қызметкерлеріне дәріс оқыды.

Судья өз сөзінде, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы    мемлекеттік тілді білу  міндет. Мемлекеттік қызметкерлердің басты мақсаты мен міндеті - мемлекеттік тілінің мәртебесін көтеру, оның беделін арттыру.

Сотта  тіл туралы заңнаманың нормалары  қатаң сақталуда  - деді судья.

Аса қажеттiлiк

15/04/2016

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 37-бабына сәйкес аса қажеттiлiк жағдайында, яғни аталған адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру, егер бұл қауiптi өзге құралдармен жою мүмкiн болмаса және бұл ретте аса қажеттiлiктің шегiнен шығып кетуге жол берiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.

Жарқайың ауданының тұрғыны есірткі заттарды иемдегені және сақтағаны үшін кінәлі деп танылды

15/04/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты азамат Е-ге қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта, азамат  Е. («кептірілген марихуана») есірткі затын заңсыз алып, өткізу мақсатынсыз  жеке пайдалануына сақтағаны анықталған.

Сот жазаны тағайындау кезінде, сотталушының кінәсін жеңілдететін жағдайлар ретінде, істеген ісіне өкінетінін және кінәсін мойындағанын есепке алды.

Аршалы аудандық соты татуласу рәсімдерін қолданумен істер қарады

15/04/2016

Аршалы аудандық сотымен 2016 жылдың 1 тоқсанында 102 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 1 іс татуласу келісімін жасаумен қаралды.

2016 жылдың осы кезеңінде 33 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде медиацияны қолданумен 12 қылмыстық іс қаралды. Медиаторлардың қатысуымен шығарылған сот актілері, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша қолданылған.

Сот шешімімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылды

15/04/2016

Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 130-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және созылмалы алкоголизммен немесе нашақорлықпен не уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және ерікті түрде емделуден жалтаратын адамдарға қатысты сот шешімі бойынша қолданылады.